Құтқарушылар зейнетке 63 жаста шығады

873

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин осылай деп дабыл қақты. ,

Құтқарушылар зейнетке 63 жаста шығады

Министр құтқарушылар ауыр физикалық және психологиялық жүктемемен жұмыс істейтінін мәлімдеп, олардың зейнет жасын азаматтық қызметшілер санаты бойынша қысқарту қажеттігін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін әлеуметтік қамтамасыз етуді жақсарту үшін тұрғын үй төлемі мәселесі пысықталып жатыр. Бұған қоса құтқарушылардың зейнет жасын төмендету мәселесі қарастырылуда. Қазір құтқарушылар зейнетке 63 жаста шығады", – деді  Юрий Ильин.

Айта кетейік, аттестатталған құрамдағы құтқарушылардың саны – 19 273 бірлік. Оның ішінде 7 859 қызметкер тұрғын үйге мұқтаж.

Биыл өрт сөндірушілердің жалақысы 10% -ға өсті. Алдағы 3 жылда азаматтық қорғау қызметкерлерінің жалақысын 58%-ға ұлғайту жоспарланып отыр. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу