Құтқарушылар жаңа жыл қарсаңында отшашу ататындарға ескерту жасады

172

Мереке күндері рұқсат етілмеген жерлерде отшашу мен петарда атқандарға 74 мыңға жуық айыппұл арқалайды. 

Құтқарушылар жаңа жыл қарсаңында отшашу ататындарға ескерту жасады Фото: ТСН

Құтқарушылар мен полицейлер петардаларды пайдалану қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мерекеде, әрине, отшашу болады. Сондықтан Төтенше жағдайлар департаменті мен полиция қызметкерлері базарларды тексеріп жатыр.

“Пиротехникалық бұйымдар ғимараттар мен құрылыстардан 50 метрден жақын емес қашықтықта атылуы тиіс. Көбінесе отшашу, петардалар атылмай қалады, сол кезде адам жанына барып, “неге?”, “қалай?” деп қарай бастайды. Сол кезде ол атылып, нәтижесінде жарақат пайда болады”, – деді Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Константин Канин.

Құзырлы органдар 17 базарды тексеріп, 700 келіге жуық пиротехникалық өнімдерді тәркіледі.

“Пиротехникалық бұйымдардың заңсыз айналымына қатысты қазір 196-бап бойынша 46 әкімшілік іс қозғалды. Бұл рейдтік іс-шаралар дәстүрлі түрде жыл сайын Жаңа жыл мерекелері қарсаңында өткізіледі. Жалпы, жасөспірімдер мен балаларға пиротехникалық бұйымдарды сатуға қатаң тыйым салынады”, – деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Жаңа жыл түні апатпен аяқталмауы үшін петардаларды күмәнді сауда нүктелерінен емес, сенімді дүкендерден сатып алу керек. Петардалар мен отшашуларды сатып алғанда, өнімнің сертификатына, қаптамасына да назар аудару керек. Ең бастысы – жарамдылық мерзімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу