Көкшетауда құтқарушыларды даярлайтын бірнеше маңызды нысан ашылды. Өрттен құтқаруға дайындық үшін спорттық манеж, жауынгерлік өнердің ғылыми-зерттеу орталық және қолданбалы зертхана – азаматтық қорғанысының көп салалы колледжінде орналасқан, деп хабарлайды Bnews.kz.
2009 жылы мекеменің базасында "Өрт қауіпсіздігі" және "Төтенше жағдайдағы қорғаныс" салалық мамандықтары ашылды.
"Бұлар жай мамандық емес. Оларды үйрету үшін дәріс аудиториялары жеткіліксіз, арнайы психофизиологиялық даярлықты, автомат түрде кірісіп кететін кәсіби шеберлікті талап етеді. Мұндай мамандықтың әлеуметтік жауапкершілігін сезіне отырып, экономикалық тұрғыдан қиын кезеңге қарамастан, осы уақытқа дейін оқу-жаттығу және ғылыми-зерттеу нысандарын құрумен айналыстық", - дейді Шоқан Қасым.
Өрттен құтқаруға даярлық үшін спорт манежі ашылғаннан кейін жыл бойы кез келген ауа райында жаттығу жасауға мүмкіндік туды. Төрт қабатты өрт мұнарасында орнатылған үш жолда орындалатын сабақтар студенттердің биіктікте жұмыс істеу қабілетін, олардың физикалық және психологиялық шыдамдылығын жақсартуға жағдай жасайды. Ш.Қасымның айтуынша, бұл командадағы бірізділікті сынап көруге де көмектеседі.
Азаматтық қорғаныстың көп салалы колледжі азаматтық қорғаныстың халықаралық ұйымының мүшесі екенін ескерсек, енді спорт манежінің базасында әлемдік деңгейдегі шараларды өткізуге болады.
Жауынгерлік өнерге арналған ғылыми-зерттеу орталығының ашылуы спортшылардың жаттығу процесіне ғылыми тұрғыдан бет бұру, физиологияны тереңірек зерттеу, жауынгерлік өнердің биомеханика және философиясы, жаттығулар мен жарыстардағы жарақат санын азайтуға бағытталған.
"Сіздердің мамандығыңыз сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Мен шын жүректен осы жерден үйренген мүмкіндіктеріңізді өмірде барынша аз қолдануыңызға тілектеспін", - деп құттықтады Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов.
Көп салалы колледж студенттерінің көрсеткен өнерлері қонақтардың көңілінен шықты. "Өрт қауіпсіздігі" және "Төтенше жағдайдағы қорғаныс" мамандықтарының студенттері өз шеберлігін көрсетті.