Құтқарушылардың зейнет жасы төмендетілуі мүмкін

1498

Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушылардың зейнет жасын төмендетуге қатысты заң жобасын әзірлеп жатыр. Бұл туралы үкімет басшысы Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Құтқарушылардың зейнет жасы төмендетілуі мүмкін

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемі мен жауынгерлік іс-қимылдарға жақындатылған жағдайда жұмыс істегені үшін үстемеақы төлеу, құтқарушылардың зейнет жасын арнайы атақ берілген азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің санатына ауыстыру мүмкіндігі арқылы төмендету, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне басқа жерге көшуіне байланысты қызметі ауысқан және жоғарылаған кезде көтерме жәрдемақы төлеуді жүзеге асыру және мүлкін тасымалдау шығынын өтеу мәселесі қарастырылып жатыр", – деді премьер-министр мәжіліс депутаттарының осыған дейін жолдаған сауалына берген жауабында. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу