Құтқарушылары Павлодар облысында суға батып бара жатқан ер адамды аман алып қалды

156

Жедел әрекеттің арқасында Жасыбай көліндегі қайғылы жағдайдың алдын алды.  

Құтқарушылары Павлодар облысында суға батып бара жатқан ер адамды аман алып қалды Фото: Бейнежазбадан

Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы "Жасыбай" демалыс аймағында ТЖМ құтқарушылары суға батып бара жатқан ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Акваторияны патрульдеу кезінде Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының қызметкерлері көмекке мұқтаж адамды байқап, дереу құтқару жұмыстарына кірісті.

1998 жылы туған ер адам судан шығарылып, жағада оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Кейін ол толық тексеру үшін жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында оқиға қайғылы жағдайға ұласқан жоқ.

ТЖМ азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады. Демалушыларға тек арнайы жабдықталған орындарда шомылу, белгіленген аумақтан алысқа жүзбеу, өз мүмкіндігін дұрыс бағалау, мас күйінде суға түспеу және балаларды қараусыз қалдырмау ескертіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу