Құтырма ауруының табиғи ошағы

943

Қазақстанның көптеген өңірі құтырма вирусын жұқтырған кезде пайда болатын аса қауіпті жұқпалы ауру – құтырманың табиғи ошағы аймағында орналасқан. 

Құтырма ауруының табиғи ошағы

Солтүстік Қазақстан облысында белсенді профилактикалық жұмыстың нәтижесінде 1998 жылдан бері адамдардың құтырмамен ауруы тіркелмеген. Жыл басынан бері жануарлар тістеген 907 адам медициналық көмекке жүгінген. 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 166,8. Облыс бойынша халықтың антирабиялық көмекке жүгінуі 14,1%-ға төмендеген, деп жазады inbusiness.kz ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

Құтырма – адам өміріне қауіпті, өлімге әкеп соғатын жұқпалы аурудың бір түрі. Егер вирусты жұқтырған адамға уақытында қажетті көмек көрсетілмесе, оның арты қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

Жыл сайын 28 қыркүйекте Дүниежүзілік құтырмаға қарсы күрес күні атап өтіледі. Инфекцияны жұқтыру жануарлардың тістеуімен және сілекейдің жараларға, сызаттарға, сондай-ақ көздің, мұрынның, ауыздың шырышты қабаттарына енуімен жүреді.

Егер сізді жануар тістеп алса не істеу керек?

Біріншіден, тістеген жерді 10 минут ішінде сабынмен жуу керек. Терең жараларды ағынды сумен сабындап жуу ұсынылады. Жараларды күйдірмеу керек. Осыдан кейін медициналық көмекке жүгіну керек. Емханада профилактикалық егу курсы тегін жүргізіледі.  

Құтырма ауруы емделмейді, бірақ вакцинаны енгізу арқылы оның алдын алуға болады. Иммунопрофилактиканың тиімділігі оның уақытылы жүргізілуіне тікелей байланысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу