Кувейт белгісіз дрондардың шабуылы астында қалды

Бұл туралы Ұлттық гвардияның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Кувейт белгісіз дрондардың шабуылы астында қалды Фото: reuters

Соққылар күш құрылымының нысанына материалдық шығын келтірген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кувейт мемлекеттік KUNA агенттігінің дерегінше, Ұлттық гвардияның баспасөз хатшысы бригадалық генерал Жад'ан Фадел шабуылдан адам өлімі тіркелмегенін айтты. 

Хатшының сөзінше оқиға бойынша тиісті қауіпсіздік шаралары мен жедел әрекет ету шаралары дереу қолға алынған.

Осыған дейін Кувейт армиясы әуе қорғанысы ел әуе кеңістігін бұзып, бірқатар маңызды нысанды нысанаға алған дрондар шабуылына тойтарыс беріп жатқанын хабарлаған, бірақ қосымша мәлімет бермеді. 

Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға бірлескен шабуыл жасап, оның салдарынан көшбасшы Әли Хаменеи және мыңдаған адам қаза тапқаннан кейін аймақтағы жағдай ушыға түсті.

Тегеран бұған жауап ретінде Израильге, сондай-ақ АҚШ әскери нысандары орналасқан Иордания, Ирак және Парсы шығанағы елдеріне қарсы дрондар мен зымырандар бағыттап соққы беріп келеді. Сонымен бірге Иран Ормуз бұғазы арқылы кемелердің қозғалысына да кезекті рет шектеу енгізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу