Кувейт қызыл ай қоры (KRCS) Ирактың Мосул қаласының елдегі дағдарыстан зардап шеккендерге көмек ретінде 45 тонна азық-түлік жеткізді, деп хабарлайды kazislam.kz.
Аталмыш қордың үйлестірушісі Мұхаммед Низидің айтуынша, ирактықтарға арналған мұндай игі шаралар әлі де жалғасын табады. Кувейттен жеткізілген азық-түліктың басым көпшілігі асыраушысы жоқ немесе жетім қалған жас балаларға таратылып жатыр. Ал, осындай мұқтаж жандардың саны бүгінде Мосылда күн санап көбеюде. Бүгінге дейін аталмыш қор қызметкерлері Мосулдың 40 мың тұрғынын қажетті азықпен қамтамассыз еткен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу