Душанбенің бастамасымен 2024 жылдың қараша айында Кувейт астанасы Эль-Кувейтте БҰҰ-ның қатысуымен Жоғарғы жеңгейдегі конференция өтеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Мүше мемлекеттер Тәжікстан Республикасының Орталық Азия өңірінде терроризмге және оны қаржыландыруға қарсы күресте көпжақты өзара іс-қимылды ілгерілету жөніндегі күш-жігерін ("Душанбе процесі") атап өтті, деп жазады Inbusiness.kz.
Мүше мемлекеттер ШЫҰ-ның терроризмге қарсы бейінін нығайтуға, оның ішінде терроризмге қарсы және командалық-штабтық бірлескен оқу-жаттығулар өткізу, сондай-ақ ШЫҰ РАТС желісі бойынша өңірдегі ахуалға тұрақты мониторинг жүргізу жолымен бірлескен іс-қимылдарды жалғастырады.
Бүгін Астана қаласында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мүшелері отырысында Астана декларациясы қабылданғанын еске салады.