KUNA агенттігінің мәліметінше, дауыс беру процесі жергілікті уақыт бойынша сағат 09:00-де басталып, 21:00-ге дейін жалғасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Барлығы 795 911 дауыс беруші 305 кандидаттың ішінен 50 депутатты сайлайды.
Кувейтте депутаттардың өкілеттік мерзімі төрт жыл. Заң шығарушы орган тікелей жалпыға бірдей сайлау құқығымен сайланатын 50 депутаттан тұрады. Сайлау 5 сайлау округінде өтеді. Жоғарғы заң шығарушы органға әр округтен 10 өкіл сайланады.
2012 жылдың соңына дейін әрбір сайлаушы 4 кандидатқа дауыс беру құқығына ие болған. Бірақ бүгінде дауыс беру құқығы әр адамға бір дауыспен шектеледі.
Кувейтте дауыс беру жасы - 21. Бұл ретте әскерилердің дауыс беруге құқығы жоқ.