Кувейтте үкімет құрамы жаңартылды

494

Конституциялық соты 2022 жылдың қыркүйегінде өткен дауыс беру нәтижелерін жарамсыз деп тапты

Кувейтте үкімет құрамы жаңартылды Фото: Anadolu Agency

Кувейтте кезектен тыс парламенттік сайлау қорытындысы бойынша 6 маусымда Үкіметтің жаңа құрамы құрылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Al Qabas газетіне сілтеме жасап.

Жаңа жарлыққа сйкес, 15 министрден құралған Кувейт кабинетін Ахмед Наваф әл-Ахмед ас-Сабах басқарды. Ішкі істер министрі болып Талал Халед әл-Ахмед ас-Сабах, СІМ басшысы - Кувейттің АҚШ-тағы бұрынғы елшісі Салем Абдалла әл-Джабер Ас-Сабах сайланды.

Қорғаныс министрі болып Ахмад Фахад әл-Ахмед ас-Сабах, Мұнай министрі және Экономикалық істер және инвестициялар жөніндегі мемлекеттік министр - Саад Хамад Әл-Баррак тағайындалды.

2023 жылдың наурызында Кувейт Конституциялық соты 2022 жылдың қыркүйегінде өткен дауыс беру нәтижелерін жарамсыз деп тауып, 2020 жылдың желтоқсанында сайланған Парламенттің құрамын қалпына келтіруді талап етті.

Мамыр айының басында Кувейттің тақ мұрагері Шейх Машаал әл-Ахмед ас-Сабах парламентті таратып, жаңа сайлау тағайындады. Парламентке кезектен тыс сайлау 6 маусымда өтті, Кувейт Ұлттық жиналысында 50-ден 12 жаңа депутат өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу