Кувейттен Түркістанға ұшатын жаңа рейс ашылады

505

"Jazeera Airways" әуекомпаниясы 2022 жылғы 3 желтоқсанда алғашқы рейсті орындауды жоспарлап отыр.

Кувейттен Түркістанға ұшатын жаңа рейс ашылады Фото: airlinegeeks.com

Жаңа рейстің іске қосылуы туралы ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Jazeera Airways" Кувейт лоукостері 2022 жылдың 3 желтоқсанынан бастап "Кувейт – Түркістан" бағытында ұшуларды орындауды жоспарлап отыр. Кувейт астанасы мен Түркістан арасындағы тұрақты жолаушылар рейстері сейсенбі, жексенбі күндері Airbus A-320 типті әуе кемесінде аптасына 2 рейс жиілігімен орындалмақ", - деп жазылған хабарламада. 

Ақпаратқа сәйкес, бұл Қазақстан мен Кувейт авиациялық билігі арасындағы қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде жүзеге асырылып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу