Мұнай өндірушілер АҚШ-та мұнай бағасының өсуі нәтижесінде мұнай өндіру артады деп қауіптенбейді, өйткені сұраныс та бар, деп хабарлады Кувейттің мұнай министрі Эссам аль-Марзук.
Министр атап өткендей, АҚШ-та тақтатас мұнайын өндіру деңгейі оның құнына байланысты болмақ. Атап айтқанда, кен орындарының бір бөлігі қазіргі баға деңгейінде пайда әкелгенімен, жартысы табысты емес.
Бұған дейін хабарланғандай, ОПЕК АҚШ-та мұнай өндіру болжамын қайта қарады. ОПЕК-ке мүше және мүше емес елдердің уағдаластығынан кейін жарық көрген болжамда бір ай бұрынғы болжанған тәулігіне 150 мың баррельдің орнына АҚШ-та 2017 жылы мұнай өндіру тәулігіне 80 мың баррельге – тәулігіне 13,7 млн баррельге дейін өспек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу