Қуыршақ театрлары Астанада бас қосады

758

Қуыршақ театрлары Астанада бас қосады

Астананың 20 жылдық мерейтойына орай 1-4 шілде аралығында елорда да Құралай Ешмұратова атындағы II халықаралық "Құралай" қуыршақ театрлары фестивалі өтеді, деп хабарлады Астана қаласының қуыршақ театры.

Фестивальге "Бусинки" қуыршақ театры (Босния және Герцеговина), "Верди" қуыршақ  театры (Италия), "Қаракөз" қуыршақ театры (Түркия),  Санкт-Петербург қуыршақ театры (Ресей), "Projekt" қуыршақ театры (Эстония),  "Marek Waszkiel" қуыршақ театры (Польша), Figurentheater Vlinders қуыршақ театры, Тамбов мемлекеттік қуыршақ театры (Ресей), Тунис ұлттық қуыршақ өнер орталығы (Тунис), Алматы, Астана қалаларының қуыршақ театрлары қатысады.

Фестиваль барысында қуыршақ өнерінің шебері, сербиялық Амелла Вученович  шеберлік сағатын өткізеді.

Фестиваль шілденің 1 күні жастар сарайы мен қуыршақ театры аралығында өтетін шерумен басталады.

Фестивальдің Құралай Ешмұратованың есімімен аталуында заңдылық бар. Себебі Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, қазақ қуыршақ театрының тұңғыш кәсіби режиссері, "Халықтар достығы", "Құрмет белгісі", "Ерен еңбегі үшін" ордендері мен медалінің иегері Құралай Ешмұратова қазақ қуыршақ театрының дамуына өлшеусіз үлес қосқан. Ол Астана қуыршақ театрының ашылуына да ұйытқы болған.

Құралай Ешмұратова сахналаған "Ақ құс туралы аңыз", "Спорт және қожа", "Қаңбақ шал", "Ер Төстік" сынды спектакльдер театр тарихына алтын әріппен жазылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу