Кузбасс шахтасындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 11 адамға жетті

825

Ауруханаларда өндірістік апаттан зардап шеккен 43 адам жатыр.

Кузбасс шахтасындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 11 адамға жетті

Кузбасс шахтасындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 11 адамға жетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Жалпы төтенше жағдай кезінде кен орнында 285 жұмысшы болған. Олардың 237-сі аман-есен сыртқа шығарылған. Қазір шахтада іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Мамандар жер астында қалған жұмысшылар зиянды түтінге улануы мүмкін деп отыр. Осы апатқа байланысты Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады.

Ауруханаларда өндірістік апаттан зардап шеккен 43 адам жатыр. Олардың төртеуінің жағдайы өте ауыр. 39 адам жеңіл және орташа ауыр хәлде.

Шұғыл қызметтердегі дереккөз мәліметінше, барлығы 46 кенші зардап шеккен.

Ресей Президенті Владимир Путин Кузбастағы "Листвяжная" шахтасындағы өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырып, қайтыс болған кеншілердің отбасыларына көңіл айтты.

Табиғат Нұрболат 

Фото: ИЗВЕСТИЯ/Дмитрий Коротаев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу