Күзде АҚШ сенаты Украинаға қолдау көрсету туралы мәселені қарайды

225

АҚШ Украинаға қолдауды жалғастыруға ниетті.

Күзде АҚШ сенаты Украинаға қолдау көрсету туралы мәселені қарайды Фото: Nathan Howard / Reuters

Биылғы қыркүйекте АҚШ сенатында Украинаны қолдау туралы заң жобасын қарау жоспарланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Интерфакс"-қа сілтеме жасап.

"Біз қыркүйек айында сенатор Ричард Блюменталь әзірлеген Украинаны қолдау туралы заңды сенат отырысына ұсынамыз. Бұл екіпартиялы заң актісі биылғы шілдеде Джо Байден әкімшілігі мен Владимир Зеленский үкіметі қол жеткізген екіжақты қауіпсіздік келісімін бекітеді", - делінген сенаторлар Блюменталь мен Линди Грэмнің бірлескен мәлімдемесінде. 

Құжатта "бұл АҚШ-тың Украинаны әлі де қолдайтынын білдіретіндігі" жазылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу