Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, заң бойынша сайлау белгілі бір уақыт аралығында өтеді. Сонымен қатар, парламент сайлауы да заңмен бекітілген мерзімде ұйымдастырылады.
Сондай-ақ, Алма Мұқанова көптің көкейінде жүрген сауалға да жауап берді. Әділет вице-министрінің сөзінше қазіргі парламент таратылмайды. Депутаттар 2026-шы жылға дейін өз жұмыстарын жалғастырады. Конституцияға енгізілген түзетулерден кейін көпшілік парламент палаталарын қайта құрады деген сеніммен жүргені жасырын емес. Бірақ, жаңа нормалар сегізінші шақырылымның Мәжіліс депуттаттарын сайлаудан бастап қолданылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу