Күзде жұмыртқа қымбаттауы мүмкін

790

Елімізде өткен жылмен салыстырғанда жұмыртқа 30%-ға қымбат.

Күзде жұмыртқа қымбаттауы мүмкін

Күзде Қазақстанда жұмыртқа бағасы өсуі мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz зерттеуіне сүйеніп.

2021 жылғы қаңтар-мамырда елімізде 1,8 млрд тауық жұмыртқасы алынған: өткен жылмен салыстырғанда 13,4%-ға аз. Оның ішінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындары 1,4 млрд жұмыртқа, үй шаруашылықтары – 430,4 млн жұмыртқа, жеке кәсіпкерлер, шаруа және фермер қожалықтары 10,4 млн жұмыртқа алған.

Ең көп жұмыртқа Ақмола облысында алынды: 310,8 млн дана. Үздік үштікке Алматы және Қарағанды облыстары енді.

Өткен жылғы жағымсыз тренд биыл да жалғасып жатыр. 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда еліміздегі шаруалар 5 млрд жұмыртқа алған: өткен жылмен салыстырғанда 8,4%-ға аз.

Қазақстанда жұмыртқа өндіретін "Алсад Қазақстан" ЖШС, "Сұңқар құс фабрикасы" ЖШС, "Қазгер-Құс" ЖШС, "Майқұдық құс фабрикасы" ЖШС, "К. Маркс атындағы құс фабрикасы" ЖШС және басқа да ірі компаниялар бар.
2021 жылғы қаңтар-сәуірде жергілікті компаниялар жұмыртқаға сұранысты (ішкі нарықта өткізу плюс экспорт) 93,6%-ға қамтамасыз еткен: бір жыл бұрынғы көрсеткіш 97,6%. 

Импорт үлесі – 6,4%. Ол бір жылда 2,4 есе немесе 95,8 млн жұмыртқаға дейін өсті. Ресурстардан экспорттың үлесі өткен жылғы 3,3%-дан осы жылы 0,1%-ға дейін азайды.

Жұмыртқа экспорты бір жылда 45,6 есе немесе 1,2 млн жұмыртқаға дейін азайған.
Ішкі нарықта сату 8,5%-ға немесе 1,5 млрд-қа дейін төмендеген.

2021 жылғы мамырда жұмыртқаның бөлшек саудадағы бағасы жылдық динамикада 30,2%-ға өскен. Сонымен қатар бір айда 2,8%-ға немесе 403 теңгеге төмендеген.

Ең қымбат жұмыртқа Алматыда сатылады (ірі қалалар бойынша): 10 жұмыртқа үшін 497 теңге, ең арзан жұмыртқа Ақтөбеде: 10 жұмыртқа үшін 315 теңге.
Ең көп жылдық өсім Солтүстік Қазақстан (38,2%), Жамбыл (37,8%) және Батыс Қазақстан (36,9%) облыстарында тіркелді.

Хабар24 телеарнасының мәліметінше, жаздың бір айында Қазақстанда жұмыртқа 6%-ға арзандаған. Өнімге сұраныс азайған, себебі жазда халықтың басым бөлігі көкөністерді сатып ала бастаған. Осыған байланысты өндірушілер өнімді өзіндік құнынан төмен бағамен сатуға мәжбүр, өйткені жұмыртқаның жарамдылық мерзімі үш аптадан аспайды.

Бүгінде құс фабрикалары бір жұмыртқаны 30 теңгеге емес,19 теңгеге сатып жатыр.

Кәсіпкерлер төмен баға жаздың соңына дейін сақталатынын айтады. Қыркүйекте әлеуметтік маңызы бар өнім қымбаттауы мүмкін. Өндірушілер бір жұмыртқаны 30 теңгеге емес, 40 теңгеге сатуы мүмкін деген болжам бар. Осылайша, құс фабрикалары шығынды өндіріп алмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу