Күздің алғашқы күндері елдің басым бөлігінде жаңбыр аралас бұршақ жауады

474

Ауа температурасы тағы да төмендейді.

Күздің алғашқы күндері елдің басым бөлігінде жаңбыр аралас бұршақ жауады Фото: inbusiness.kz

31 тамыз бен 2 қыркүйек арасында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады, деп хабарлайды inbusiness.kz "Қазгидромет" РМК сілтеме жасап.

Алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде қатты жел соғып, бұршақ аралас жаңбыр жауады. 

"Елдің солтүстік-батысы, солтүстігі, оңтүстігі және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, ауа температурасы тағы да төмендейді. Солтүстік Қазақстанда түнде 5-10, күндіз 10-18 градус суық болады. Тек Батыс Қазақстанда жоғары атмосфералық қысым әсерінен жаңбыр жаумайды", делінген хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу