Күзет саласындағы заңнамаға өзгерістер енгізу ұсынылды

1344

Заң жобасында күзет қызметін іске асыруға берілетін лицензияларды түрлері бойынша бөлу қажеттігі қарастырылуда.

Күзет саласындағы заңнамаға өзгерістер енгізу ұсынылды Фото: inform.kz

Парламент Мәжілісінің депутаты Арман Қожахметов күзет қызметі туралы заңнамаға ұсынылған өзгерістерді айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда күзет қызметінің 5 129 субектісі тіркелген, онда 97 мың күзетші жұмыс істеп жатыр. Сонымен бірге, күзеттің техникалық жабдықтарының монтажымен және оларға қызмет көрсетумен айналысатын 1 145 субъект бар. Жүргізілген талдау шаралары күзет қызметінің сапасын көтеру, осы кәсіпкерлік түрін ары қарай дамыту мүмкіндігін көрсетуде. Осыған байланысты заңнамаға кейбір өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады. Бұл өз кезегінде күзет қызметін жетілдіруге жол ашады", - деді А. Қожахметов Әділет министрлігінде өткен ведомствоаралық комиссия отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, жеке күзет ұйымдарының ұйымдастырушылық, метериалдық, кадрлық әрі басқа да мүмкіндіктерін ескере отырып, заң жобасында күзет қызметін іске асыруға берілетін лицензияларды түрлері бойынша бөлу қажеттігі қарастырылуда. Осыған байланысты әрбір күзет ұйымының санаты үшін біліктілік талаптарын бекіту ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу