Күзетшілердің еңбекақысы орташа жалақыдан екі есе төмен

1250

Салада еңбек етіп жүргендер қызметкерлердің саны азайып жатыр.

Күзетшілердің еңбекақысы орташа жалақыдан екі есе төмен

2021 жылғы қаңтар-маусымда қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тергеу жүргізу саласында 134,2 млрд теңгеге қызмет көрсетілген, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2%-ға артық, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Салада көрсетілген қызметтердің жартысына жуығы Алматы (34,4 млрд теңге) және Нұр-Сұлтан (17,6 млрд теңге), сондай-ақ Атырау облысына (13,5 млрд теңге) тиесілі).

Түркістан (1,2 млрд теңге) және Солтүстік Қазақстан (1,6 млрд теңге) облыстарында аталған сала бойынша қызмет аз көрсетілген.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тергеу жүргізу саласында қызметтердің 80%-ға жуығы жеке күзет қызметінің үлесінде. 2021 жылғы қаңтар-маусымда 107 млрд теңге, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,5%-ға аз.

Кейін тізімде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйелері саласындағы қызмет (19,2 млрд теңге), ұлттық компаниялар құрған күзет ұйымдарының қызметі (7,2 млрд теңге) және тергеу жүргізу бойынша қызметі (779,2 млн теңге) тұр.

Биыл екінші тоқсанда қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тергеу жүргізу саласындағы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 117,1 мың теңге болды, бұл Қазақстандағы орташа жалақыдан 2,1 есе аз.

Сондай-ақ секторда қызметкерлер саны қысқарып жатыр. Бір жылда тізімдегі қызметкерлердің саны 4,7%-ға немесе 74,3 мың адамға, ал нақты саны 3,9%-ға немесе 73,1 мың адамға азайған.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу