Күзгі әскерге шақыру науқаны басталады

797

Министр Нұрлан Ермекбаев жас буынды шақыру басталғанға дейін казармалық-тұрғын үй қорын, монша, кір жуу комбинаттарын, асханалар мен оқу-материалдық базаны қалыпқа келтіруді тапсырды.

Күзгі әскерге шақыру науқаны басталады

Қорғаныс министрлігінде өткен аппараттық кеңес барысында әскер түрлерінің бас қолбасшылары, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары ҚР Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігінің жай-күйі туралы ақпарат берді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Қарулы күштерде қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында азаматтарды күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Әскер қатарына жаңадан қабылданғандармен жұмыс істейтін лауазымды адамдардан тұратын әкімшілік бөлімшелердегі оқу процесін жоғары деңгейде қамтамасыз ету үшін қабілетті, даярланған офицерлер мен келісімшарт бойынша сержанттар тағайындалуға тиіс.

Азаматтарды мерзімді қызметке шақыру жөніндегі барлық іс-шаралар санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып ұйымдастырылмақ.

Министр Нұрлан Ермекбаев жас буынды шақыру басталғанға дейін казармалық-тұрғын үй қорын, монша, кір жуу комбинаттарын, асханалар мен оқу-материалдық базаны қалыпқа келтіруді тапсырды.

Әскери қалашықтарға жағдай жасау, әскери қызметшілердің өмірі мен тұрмысын ұйымдастыру, казармалық қорды жөндеу сынды әлеуметтік мәселелерді шешу Қорғаныс министрінің ерекше бақылауында.

Осыған байланысты қорғаныс ведомствосының басшысы Қарағанды қаласының әскери бөлімдерінің бірінде сарбаздар асханасын жөндеу мерзімін сақтамағаны үшін Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасының бастығын қатаң сынға алды. Мәселе қызмет көрсетудің субъектісімен шартты бұзу процесінде болып отыр. Нұрлан Ермекбаев асхананы жөндеу мәселесін қысқа мерзімде шешуді талап етті.

Өткен аптада Қарулы Күштер қатарын кәсіби кадрлармен толықтыру мәселесін жалғастыру үшін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әскери оқу орындарына іріктеу жүргізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу