Күзгі демалыста мектеп оқушылары неше күн демалады?

420

Республика күні мерекесіне орай күзгі демалыс үш күнге ұзарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Күзгі демалыста мектеп оқушылары неше күн демалады? Фото: Золотой Рог

Бірінші тоқсан сегіз оқу аптасынан тұрады. Күзгі демалыс жеті күнге созылады – 2024 жылдың 28 қазаны мен 3 қарашасын қоса алғанда. Негізі, 25 қазан Қазақстанда Республика күні, ал 26-27 қазан сенбі-жексенбі күндеріне сәйкес келетіндіктен, балалар бүгіннен бастап демалады. Сонымен, жалпы каникул 10 күнге созылмақ.

Екінші тоқсан сегіз оқу аптасынан тұрады. Қысқы демалыс 10 күнге, 2024 жылдың 30 желтоқсанынан 2025 жылдың 8 қаңтарына дейін жалғасады.

Бірінші сыныптарда 2025 жылғы 3 ақпаннан 9 ақпанды қоса алғанда 7 күнге созылатын қосымша демалыстар енгізіледі.

Үшінші, ең ұзақ тоқсан 10 оқу аптасына созылады, ал көктемгі демалыс 11 күнге, 2025 жылдың 21 наурызынан 31 наурызына дейін жалғасады.

Төртінші тоқсан – сегіз оқу аптасы.

Жоспарға сәйкес, 9-10 сынып оқушылары үшін емтихандар 29 мамыр мен 9 маусым аралығында, 11-12 сынып оқушылары үшін емтихан 30 мамыр мен 12 маусым аралығында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу