Құжаттар растайды: Кенесары ханның бас сүйегі табылды

1241

Ол Қазақстанға генетикалық сараптамадан соң қайтарылады.

Құжаттар растайды: Кенесары ханның бас сүйегі табылды

3 дереккөзі қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының бас сүйегі табылғанын растады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы orda.kz-ке сілтеме жасап.

Кенесары Қасымұлының бас сүйегі Омбы (Ресей) қаласындағы музейлердің бірінен табылған. Оның түпнұсқа екенін экспонаттың төлқұжаты растайды. Осыған дейін Кенесары ханның бас сүйегі көбінесе Санкт-Петерборда іздестірілген еді.

Дереккөздердің мәліметінше, бас-сүйектің Кенесары ханға тиесілі болғанын дәлелдеу үшін құжаттар жеткіліксіз. Сондықтан генетикалық сараптама жүргізу қажет. Ол расталған жағдайда ғана тарихи жаңалық баршаға жария етіледі.

Енді соңғы сөз генениктерде. Олар жүргізген сараптама Омбы музейінен табылған бас сүйектің қазақтың соңғы ханы, Абылай ханның немересі Кенесары Қасымұлына тиесілі екенін анықтауға мүміндік береді.

Зерттеудің қай зертханада жүргізілетіні және генетикалық материалды нақты немен салыстыратыны белгісіз.

Айта кетсек, алдағы жылы Кенесарының 220 жылдық мерейтойы.

Фото: Vrk.news

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу