"Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Әділет министрлігіне Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс жолдады. Нақтырақ айтқанда, мүлік иелері кооперативтері құрылғаннан кейін ескі басқару органдары тиісті құжаттарды тапсырыс берушілерге немесе үй салушыларға бермесе – онда оны әкімшілік жауапкершілікке тарту керек деп есептейміз. Мұндай құқықбұзушылық үшін әкімшілік айыппұл салу ұсынылады",– деді "Қазорталық ТҮКШ" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Серіков ОКҚ алаңында.
Сонымен қатар Ұлттық экономика министрлігі көппәтерлі тұрғын үйлерге жауапты қарапайым жауапкершілігі шектелуі серіктестеріне салынатын салық мәселесін реттеу үшін Салық кодексіне өзгерістерді енгізуді көздеп отыр.
Аян Бекенұлы