Құжаттарын рәсімдемеген Қазақстан азаматтары Ресейден мәжбүрлеп шығарылады

854

Оларға көрші елге кіруге шектеу қойылуы мүмкін.  

Құжаттарын рәсімдемеген Қазақстан азаматтары Ресейден мәжбүрлеп шығарылады

Ресей Федерациясы ІІМ-нің талабына сәйкес Ресейде заңсыз жүрген Қазақстан азаматтары 15 маусымына дейін елден кетуге немесе Ресей Федерациясында одан әрі болуын заңдастыру бойынша шаралар қабылдауға тиіс, деп хабарлайды inbusiness.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. 

"Заңсыз жүрген азаматтар санатына мүлдем тіркеуге тұрмаған немесе уақытша тіркеуінің, уақытша тұруға рұқсатының (РВП) және тұрғылықты тұруға рұқсатының (ВНЖ) уақыты өтіп кеткен азаматтар жатады. Сонымен қатар, заңды негіздер болған жағдайда (жұмыс, оқу және т.б.) қазақстандықтар Ресейден шықпай, елде уақытша болу мерзімдерін ұзарту үшін ІІМ органдарына жүгінуге құқылы. Бұл жағдайда азаматтарға қатысты жауапкершілікке тарту шаралары қолданылмайды", деп жазылған министрлік таратқан хабарламада. 

Егер Қазақстан азаматтары Ресейде болу мерзімін заңды түрде ұзартудан бас тартса оларға шара қолданылмақ. 

"Қазақстан азаматтары Ресейден өз еркімен кеткісі келмесе, елден мәжбүрлеп шығару және Ресейге кіруге шектеу қою шаралары қолданылуы мүмкін",– деп жазылған министрлік таратқан хабарламада. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу