Құжаты жоқ етті көлікпен тасыған адам полиция бөліміне жеткізіледі

693

Тасымалданған еттің немесе малдың иесі анықталмаған жағдайда қылмыстық іс қозғалады. 

Құжаты жоқ етті көлікпен тасыған адам полиция бөліміне жеткізіледі Фото: inform.kz

Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаменті басшысы Думан Таев құжатсыз тасымалданған малды уақытша ұстау үшін елдімекендерде арнайы мал қоралары ашылып жатқанын мәлім етті.

"Құжаты жоқ малды немесе етті көлігімен тасыған адам полиция бөліміне немесе учаскелік бекетке жеткізіледі. Ол жерде малдың иесі анықталады. Егер мал ұрланбаған, алайда құжаты болмаса, іске қатысты материал жиналады. Содан кейін жиналған материал ветеринарлық қызметке жөнелтіледі. Ол жерде Әкімшілік кодекстің 406-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылады. Егер иесі анықталмаса, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, қылмыстық жауапқа тартылады. Ал құжатсыз тасымалданған малды уақытша ұстау үшін елдімекендерде арнайы мал қоралары ашылды. Елде қазір 887 осындай қора-жай бар. Дегенмен бұл жеткілікті емес", – дейді Думан Таев.

Криминалдық полиция департаменті басшысының айтуынша, қазіргі кезде осы мәселені шешу үшін жергілігті атқарушы билікпен бірлесіп жұмыс жүргізіліп жатыр.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу