Құзырлы органның назарына тағы бір танымал блогер ілікті

478

Бұған дейін ол айыппұл төлеген болатын.

Құзырлы органның назарына тағы бір танымал блогер ілікті Фото: canva

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов JustKing лақап атымен танылған отандық блогер Нұрбек Нұртазаның қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін блогер әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл арқалаған болатын. 

"Бірақ та бұл жерде олардың тиісті табысы болды ма, одан салық төленді ме деген сұрақтарды зерделеу қажет. Қазір бұл мәселелерді зерттеп, құқықтық баға беретін боламыз. Тиісті уәкілетті органнан оларға қатысты материал қайта түсті", – деді ҚМА өкілі Мәжіліс кулуарында.

Оның сөзінше, адам заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, табысы 10 мың АЕК-тен асқан жағдайда, қылмыстық жауапкершілік басталады. Ал осы межеден төмен болса, әкімшілік жауаптылық көзделген.

ҚМА соттан JustKing-ке қатысты материалдардың келуін күтіп отыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу