Кварц қосулы сыныпта емтихан тапсырған оқушылар ауруханаға жеткізілді

1028

Оқушылар бейінді мамандардың тексеруінен өтті.

Кварц қосулы сыныпта емтихан тапсырған оқушылар ауруханаға жеткізілді Фото: Максим Морозов

Елордада оқушылар емтихан кезінде қосулы кварц астында отырған, 4 бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға Назарбаев Зияткерлік мектебіне үміткерлердің емтихан тапсыруы кезінде болған. Сыныпты кварцтауға арналған ультракүлгін шам өшірілмей қалған.

"Кварц астында отырғаннан кейін денсаулығына шағымданған оқушылар жедел жәрдем көлігімен елорданың №2 көбейінді қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. 2004 жылы дүниеге келген 3 бала және 2005 жылғы бір бала ауруханаға жеткізілгеннен кейін бейінді мамандардың тексеруінен өтті, толық медициалық қарау жүргізілді. Олардың барлығының да жеңіл деңгейде көз алмасы зақымданған. Мамандар 4 баланы да тексергеннен кейін тұрғылықты жерлері бойынша амбулаторлық ем алу үшін үйлеріне жіберді", - деді аталған жайтқан орай Нұр-Сұлтан Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу