Квазимемлекеттік сектор – халыққа тиесілі мекемелер

691

Президенттің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев квазимемлекеттік секторда азаматтарды жұмысқа алуға қатысты  пікір білдірді.  

Квазимемлекеттік сектор – халыққа тиесілі мекемелер Фото: inbusiness.kz

"Квазимемлекеттік секторда тәртіп орнататын кез келді. Корпоративтік басқарудың икемді болуы – ойыңа не келсе, соны істеу деген сөз емес. Азаматтарды қызметке тағайындау барынша ашық және әділ болуға тиіс. Себебі, бұл – ең алдымен, халыққа тиесілі мекемелер",-  деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, Президент Әкімшілігі мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы тағайындауларды үнемі бақылауда ұстап отыруы керек.

"Жеке адамдардың мүддесін көздейтін кез келген әрекетке тосқауыл қойылуға тиіс.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жеке сектордағы білікті мамандарды мемлекеттік қызметке тарту үшін қолайлы жағдай жасауы қажет. Елімізді өркендетеміз десек, бәріміз бір ел болып күш жұмылдыруымыз керек", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу