Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің экспорттық валюталық түсімінің бір бөлігі сатылады

953

Аталған шешім жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі 50%-дан асатын экспорттаушы кәсіпорындарға қолданылады.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің экспорттық валюталық түсімінің бір бөлігі сатылады

Президенттің тапсырмасына сәйкес ұлттық валютаның айырбастау бағамын тұрақтандыру мақсатында Үкімет квазимемлекеттік сектор субъектілерінің экспорттық валюталық түсімінің бір бөлігін ішкі валюта нарығында сату туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Аталған шешім жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі 50%-дан асатын экспорттаушы кәсіпорындарға, оның ішінде "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ компаниясына қолданылады және төтенше жағдай кезеңінде қолданыста болады.    

"Үкімет және Ұлттық Банк ішкі валюта нарығындағы шетел валютасына сұраныс пен ұсынысқа мониторинг жүргізу мақсатында үйлестірілген жұмысын жалғастырады. Қабылданатын шаралар айырбастау бағамын тұрақтандыруға, валюта ұсынысын қамтамасыз етуге, негізсіз құбылмалылықты болдырмауға бағытталды және іргелі үрдісті қалыптастыруға кедергі келтірмейді",– дейді банктің баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу