Квазимемлекеттік сектордағы сатып алулар жөніндегі заң мақұлданды

859

Бүгінде квазимемлекеттік сектордың сатып алулары әртүрлі нормативтік құқықтық актілермен реттеліп отыр.

Квазимемлекеттік сектордағы сатып алулар жөніндегі заң мақұлданды

Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Құжат квазимемлекеттік сектордағы сатып алудың ашықтығын қамтамасыз етуге, бір көзден сатып алуды қысқартуға, бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді.

"Қазіргі таңда квазимемлекеттік сектордың сатып алулары әртүрлі нормативтік құқықтық актілермен реттеліп отыр. 

Заң жобасы аясында "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қорының және өзге де ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың сатып алуларын реттеледі. Осылайша, заң сатып алулары шамамен 3,4 трлн теңге сомасындағы 250-ден аса ұлттық компанияларды олардың еншілес ұйымдарының қызметін қамтиды", - деді қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Оның айтуыша, құжат квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін бірыңғай болып саналатын базалық ережелер заң деңгейінде бекітіледі.

"Сатып алу процесін нақтылайтын нормаларды ережелер деңгейінде регламенттеу ұсынылады. Мұнда "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қорының сатып алу ережелерін бекітуді уәкілетті органның (Қаржы министрлі) келісімі бойынша қордың қарамағында қалдыруды ұсынады", - деді министр.

Заң жобасын депутаттар бірінші оқылымда мақұлдады.

Сонымен қатар Мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ілеспе заң жобасын да мақұлдады.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу