Квазимемлекеттік сектордың кәсіпорындарды қаржыландырудағы үлесі артып келеді

883

Бір жыл ішінде квазимемлекеттік сектордың несиелік портфелі 15%-ға өскен. 

Квазимемлекеттік сектордың кәсіпорындарды қаржыландырудағы үлесі артып келеді

2020 жылы экономикаға берілген несиелердің жалпы көлемі 7%-ға өсіп, 17,6 трлн теңгеге жетті. Оның ішінде банктердің кредиті 14,6 трлн теңгені немесе жалпы көлемнің 83%-ын құрады. Ал квазимемлекеттік сектордың үлесі шамамен 3 трлн теңге немесе жалпы көлемнің 17%, деп хабарлайды inbusiness.kz finprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Жалпы көрсеткішке қарамастан квазимемлекеттік сектордың несие портфелі бір жыл ішінде 15,5%-ға, екінші деңгейлі банктердің несиелік портфелі 5,5% -ға өскен. Бұл квазимемлекеттік сектордың ел экономикасын несиелендірудегі маңызы артқанын көрсетеді.  

Барлық квазимемлекеттік компаниялардың несиелік портфелінің 62% -дан астамы Қазақстанның даму банкіне (ҚДБ) тиесілі. Компанияның несиелік портфелі 2020 жылдың соңында 1,8 трлн теңгеге жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,1% -ға (1,6 млрд теңге) артық. 

ҚДБ 2020 жылы жобаларды тікелей несиелендіру шеңберінде кәсіпорындарды қолдау шаралары арқасында Қазақстан 3,3 трлн теңгенің өнімін өндіріп, сатқан. Сонымен қатар 2 трлн теңгеге өнім экспортын ынталандырып, бюджетке салық төлеген. 332,7 млрд теңге сомасында және жоғарыда аталған 8 инвестициялық жобаның жаңартылған нысандарын пайдалануға беру аясында 1942 жаңа жұмыс орындары құрылған.
finprom.kz сарапшылары 2020 жылы ел экономикасы, жалпы әлемдік экономика сияқты, айтарлықтай шығынға ұшырағаны туралы жазады.

"Қазақстанның ЖІӨ жылдық мәнде 2,6%-ға төмендеді. Төмендеуді экономиканың көптеген секторлары көрсетті, соның ішінде тау-кен өнеркәсібі, көтерме және бөлшек сауда, көлік және қойма шаруашылығы, тұрғын үй мен қоғамдық тамақтандыру қызметтерін ұсыну және т.б. Сонымен қатар, шикізаттық емес сектордың кейбір салалары өсуді көрсетті, осылайша дағдарыстың теріс салдарын теңестірді", - дейді портал сарапшылары.  

Оған басты себеп – екінші деңгейлі банктер мен квазимемлекеттік сектордың экономиканы белсенді қаржылық қолдауы. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу