Квазимемлекеттік секторға салынған қаржы толық қайтқан жоқ

1272

Квазимемлекеттік секторға салынған қаржы толық қайтқан жоқ

ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулиннің Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың квазимемлекеттік секторға салынған қаржы қайтарымы туралы сұраққа берген жауабына көңілі толмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Квазимемлекеттік секторға көптеп қаржы салынса да, неге Ұлттық қорға бар-жоғы 7,5 млрд теңге қайтқан? Оның үстіне, Қаржы министрлігінің деректері бойынша барлық негізгі жетекші компаниялар, оның ішінде Қазақстанның құрылыс жинақ банкі, "Эйр Астана", "ҚТЖ" 2020 жылға дейінгі аралықта жекешелендіріледі", - деген сұрақ қойылды мәжілістің жалпы отырысында.

Басқосуда депутаттар "Қазақстан Республикасының ұлттық қорынан 2018-2020 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" ҚР заң жобасын талқылаған болатын. Жауап ретінде министр Сұлтанов бірқатар статистикалық деректерді келтірген еді.

"Бүгінде кешенді жоспар бойынша шамамен 113 миллиард теңгеге 291 нысан сатылды. Оның ішінде республикалық меншік бойынша - 8 миллиардтан астам теңгеге 23 нысан, коммуналды меншік бойынша 33 млрд теңгеге 162 нысан және квазимемлекеттік сектор бойынша 70 млрд-тан астам теңгеге 106 нысан сатылды. Егер нысан республикалық меншік бойынша болса - қаражат республикалық бюджетке түседі, ұлттық компаниялар мен олардың еншілес ұйымдарын сатудан түскен қаражат сәйкес компаниялардың есепшоттарына түскен", - деді министр.

"Биылғы көктемде бюджеттік заңнамаға түзетулер енгізілді. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы жекешелендіруден түсетін қаражатты Ұлттық қорға жіберу туралы тапсырма берді және қазіргі уақытта Үкіметтің барлық сәйкес қаулылары бар", - деп толықтырды ол. Алайда мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің бұл жауапқа көңілі толмады.

"Сөзіңізде іліп алар ештеңе жоқ! Дұрыс жауап беріңіз немесе мүлдем жауап бермеңіз, министр мырза! 2014 жылдан бері квазимемлекеттік сектор 680 млрд теңгеге толықтырылған. Жекешелендіруден 7,5 миллиард теңге қайтқан, осыған қатысты пікір білдірсеңіз. Үкіметтік әріптестер, бүгінгі жұмыс күнімізді ұзартайық па? Нақты сұрақтар бойынша жұмысқа көшейік. Жауаптан сытылып кетем деп ойламаңыздар", - деді ол.

"Республикалық бюджеттен бөлінген қаражат, оның ішінде дағдарысқа қарсы және инфрақұрылымдық даму бағдарламаларын қаржыландыру мақсатында Ұлттық фондтан бөлінген мақсатты трансферттер қаржысы нақты жобаларға салынды. Жекешелендіру жүргізілген кезде - негізінен бейінді емес активтер және ұлттық холдингтер мен компаниялардағы нақты ұйымдар жекешелендіріледі. Сомалары салыстыруға келмейді. Бөлінген қаражаттың барлығы нақты жобаларда бөлінген және сонда жүзеге асырылып жатыр", - деп түсіндірдіминистр.

 "Нақты жауапқа жақындадыңыз...", - деп қысқа қайырды мәжіліс төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу