Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният балалар ағзасының ерекшелігіне байланысты оларда тек КВИ емес, басқа аурулар да қарқынды өтетінін айтты.
Министр жаңа оқу жылында коронавирустық инфекцияның таралуымен байланысты эпидемиологиялық шаралар бола ма, деген сұраққа жауап берді, деп жазады inbusiness.kz.
"Осы оқу жылында шаралардың қабылдануы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Оқу жылы басталған кезде мектептерді қараймыз, талаптарды күшейтеміз. Егер елімізде қыркүйек айында ауру өршіп тұрса, онда балалар арасында көпшілікпен өтетін шараларға шектеулер қойылады. Сондықтан оқу жылы басталған кезде, эпидемиологиялық жағдайларға, өңірлердің қай аймақта тұрғанына байланысты шаралар қолданылады", – деді министр.
Фото: inform.kz