КВИ-ға қарсы вакцинаның жаңа партиясы жеткізіледі

964

Алматыда жедел штаб отырысында COVID-19-ға қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері пысықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

КВИ-ға қарсы вакцинаның жаңа партиясы жеткізіледі

Денсаулық сақтау министрі А. Цойдың қатысуымен өткен жиында мегаполистің COVID-19-ға қарсы іс-қимылдың жүйелі мәселелері, сондай-ақ биылғы жылғы 17 наурызда өткен кеңес барысында Мемлекет басшысының берген тапсырмаларының орындалу барысы қарастырылды. Бұл бойынша нақты жоспарлар қабылданды.

Кеңесті ашқан Бақытжан Сағынтаев КВИ пандемиясымен күрес аясында қаланың денсаулық сақтау жүйесін күшейту бойынша шаралар қабылданғанын атап өтті. Жаңғыртудың үш жылдық жоспарына сәйкес медициналық жабдықтарды жаңарту, инфекциялық стационарларға медициналық газ орнату, сарқынды суды зарарсыздандыру мен медициналық қалдықтарды кәдеге жарату сынды кешенді жұмыстар жүргізілуде. 

Сондай-ақ, шаһар басшысы өткен жылы КВИ бар науқастарды анықтау және оларды ауруханаға жатқызу бойынша алгоритмнің әзірленіп, енгізілгенін, АМСК және амбулаториялық емдеуде асимптоматикалық науқастарды бақылау бойынша телемедицина орталығының жұмысы құрылғанын атап өтті. Инфекциялық төсек-орындардың қажетті резерві құрылды. Дәріхана желісі мен ковидтік госпитальдар үшін дәрілік тұрақтандыру қоры жұмыс істейді.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматыда денсаулық сақтау қызметін дамыту және COVID-19-ға қарсы күрес моделі еліміздің басқа өңірлеріне таралатынын атап өтті. Мысалы, медициналық көмек көрсету стандарттарын сақтай отырып, төсектердің айналымын және босатылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін стационарларды эшелондау; аурудың жеңіл ағымы бар асимптоматикалық және науқастарды бақылауға мүмкіндік беретін телемедицина орталығының жұмысы. Мұндай орталық басқа өңірлерде жоқ.

Сонымен қатар, министр соңғы жылы жедел жәрдем автопаркін 70%-ға жаңарту, сондай-ақ соңғы 20 жылда Алматының медициналық мекемелерінде болмаған оттегі стансаларын қосу жөніндегі жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, сәуір айында КВИ-ға қарсы вакцина дозаларының жаңа партиясы жеткізілетінін хабарлады.

Жиын қорытындысы бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрі А. Цой COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастыру мәселелері бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу