КВИ-ге қарсы вакцина өндіруге арналған екінші өндірістік алаң дайындалды

637

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов "Антиген" ғылыми-өндірістік кәсіпорнының жұмысымен танысты, деп хабарлайды inbusiness.kz Үкімет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

КВИ-ге қарсы вакцина өндіруге арналған екінші өндірістік алаң дайындалды

Қазіргі уақытта бұл кәсіпорын — ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының серіктесі. БҚПҒЗИ "Антиген" алаңын пайдалана отырып, медициналық вакциналарды, оның ішінде "QazVac" шығарудың толық циклі бойынша екінші өндірістік алаңды әзірлеп, іске қосты. Осы мақсатта Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен жеңілдетілген несие бойынша вакцина өндіруге арналған жаңа технологиялық жабдықтар сатып алынды. Биылғы жылдың қыркүйек айында қуаты айына 1 млн дозаға дейін жететін "Антиген" алаңында "QazVac" вакциналарының 300 мың валидациялық сериясы шығарылды.

Халықаралық сапа стандарттары кәсіпорынға өндірістің барлық учаскелерінде жоғары техникалық деңгейге, сапа мен сенімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді. "Антиген" ҒӨК "OtarBioPharm" ЖШС жанындағы биофармацевтикалық зауытпен қатар БҚПҒЗИ әзірлеген "QazVac" қазақстандық вакцинасын шығару бойынша екінші өндірістік алаңға айналды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу