КВИ-мен ауырып жатқандардың жағдайы туралы хабарланды

718

Коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 24 қарашадағы ақпарат.

КВИ-мен ауырып жатқандардың жағдайы туралы хабарланды

ДСМ-нің 24 қарашадағы мәліметі бойынша елімізде коронавирустан 28 704 адам емделіп жатыр. Олардың ішінде 5 943 пациент стационарда жатса, 22 761 науқас амбулаториялық деңгейде емделіп жүр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 451 адамның жағдайы ауыр, 126 пациенттің жағдайы өте ауыр, 81 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр", – деп жазылған ДСМ-нің бүгінгі мәліметінде.

Айта кетсек, елімізде жаппай екпе салу науқаны жүріп жатқаны белгілі. Қазіргі күні індеттен құтылудың жалғыз жолы сол деп, билік вакциналау қарқынын күшейтуге күш салып жатыр. Бүгінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның I компонентін 8 661 498 адам, II компонентін 7 986 343 адам салдырған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу