КВИ вакцинасы дозасының аралығын 90 күнге созған дұрыс па – ДСМ жауап берді

982

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Аманжан Жамаловтың депутаттық сауалына жауап берді. Даулы әңгімеге айналған мәселе осыдан екі апта бұрын Мәжіліс қабырғасында да көтерілген еді. Ол тұста депутаттар министр Алексей Цойдан коронавирус вакцинасының қос компонентінің арасы неліктен 90 күнге созылғанын сұрасқан, деп хабарлайды inbusiness.kz.

КВИ вакцинасы дозасының аралығын 90 күнге созған дұрыс па – ДСМ жауап берді

Депутат Аманжан Жамалов бұл мәселені күні кеше Facebook парақшасында тағы көтеріпті. Көп күттірмей министрлік ресми жауап жолдады.

"Спутник V вакцинасын әзірлеушілерден, яғни РҒА академигі, Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбургтің қолы қойылған ресми келді. Ол "вакцинаның дозалары аралығының ұлғаюы иммундық жауаптың күшіне әсер етпейді, ал кейбір жағдайларда иммунитеттің жоғары белсенділігін қалыптастырады" деп жауап берді", - деп Гинцбургтің жауабын алға тартады министрлік.

Міне, сондықтан ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына "Спутник V" екінші компонентімен вакцинациялау мерзімін 21-ден 45 күнге дейін ұзарту туралы өзгеріс енгізілген. Жоғарыда көрсетілген хатты алға тарта отырып, министрлік "Спутник V" екінші компонентімен 90 күн ішінде вакцинациялауға жол берілетінін хабарлайды. Қажет болған жағдайда Қазақстан азаматтары вакцинаның екінші компонентін 21-ші күні де ала алады.

Осылайша, министрлік вакцинаның екі компоненті арасындағы интервал бойынша ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің ұстанымы құқықтық негізге ие екеніне сенімді. "Телеграмм-арнадан алынған үзінділер емес, препаратты әзірлеушінің ресми түсіндірмесіне" сілтейді.

Министрліктің хабарлауынша, аралықтың ұлғаюы иммундауды едәуір жеделдетуге мүмкіндік береді. Ал вакцинаның бірінші компоненті антиденелерді шығарып, 3 аптадан кейін адам бойында иммунитетті қалыптастырады. Жауапта "Спутник V" вакцинасының екінші компоненті жеткілікті мөлшерде бар екені де жазылған.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу