Квота арқылы білім алғандар ауылда 3 жыл жұмыс істеуге міндеттеледі

2211

Ауыл шаруашылығы саласы үшін мамандар даярлауға қатысты ұлттық заңнамаға бірқатар түзету енді. 

Квота арқылы білім алғандар ауылда 3 жыл жұмыс істеуге міндеттеледі

Ауыл жастарына арналған квота бойынша аграрлық жоғары оқу орындарын бітірген түлектер 2020 жылдан бастап ауылдық жерлерде 3 жыл жұмыс істеуге міндетті болады, деп хабарлады ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Ауыл шаруашылығы саласы үшін мамандар даярлауға қатысты ұлттық заңнамаға бірқатар түзету енді. Биылғы жылдың 28 қазанында Мемлекет басшысы тиісті заңға қол қойған болатын.

Өзгеріс "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңы аясында "Білім туралы" Заңның 47-бабына енгізілді.

Жаңа заң бойынша ауылдық квотамен ауыл шаруашылығы мамандықтарында оқыған ЖОО-ның түлектері ауылдық жерлерде кемінде 3 жыл жұмыс істейді.

Бұл шара ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кәсіби кадрларға деген сұранысын арттыруға мүмкіндік бермек.

"Жаңашылдық жастарды жұмыспен қамтамасыз ету мәселелерін шешеді. Сондай-ақ, ауылдық жерде "ауыл шаруашылығы мамандығы" бойынша мүлде жұмыс істеуді жоспарламаған талапкерлердің "ауылдық квотамен" мемлекеттік грантқа түсуіне жол бермейді",– деп санайды АШМ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу