"Қыдекеңнің кітабына фильм түсіреміз": Қарақат Әбілдина алдағы жоспарын бөлісті

5864

Әнші осы жылға жоспары көп екенін жеткізді.  

"Қыдекеңнің кітабына фильм түсіреміз": Қарақат Әбілдина алдағы жоспарын бөлісті Фото: karakat_a

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші Қарақат Әбілдина "1001 түн" бағдарламасында алдағы жоспарын бөлісті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Өнер иесі жолдасы Қыдырәлі Болман биыл тыңдармандарымен қоса оқырмандарын да қуантатынын айта кетті. Себебі әнші кітап жазып жатыр.

"Жолдасым Қыдырәлі Болманның биылғы жылға үлкен тартуы бар. Қазір кітап жазып жатыр. Жұрт біле бермейтін қыры сонда ашылады. Кітапта мен де бармын.  Өзі сол кітаптың  қызығына кіріп кеткен. Жатса да, тұрса да ойлайтыны сол. Кітап желісімен фильм де түсіргіміз келеді", – деді ол.

Сондай-ақ, ол жолдасының биыл 60 жасқа толмайтынын, куәлікте қате кеткенін айтты.

"Жеке куәлігінде қате кеткен. Ол бөлек әңгіме. Уақыты келгенде айта жатармыз", - деді Қарақат Әбілдина.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу