Қылмыс деңгейі рейтингінде Қазақстан 142 елдің ішінде 47-сатыда

574

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 1%-ға өсті.

Қылмыс деңгейі рейтингінде Қазақстан 142 елдің ішінде 47-сатыда

Рейтингтегі елдердің индексі халықтың сауалнамалары арқылы бағалауға негізделген, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі finprom.kz сайтына сілтеме беріп.

Венесуэла, Папуа — Жаңа Гвинея және Ауғанстан. Қылмыстың ең жоғары деңгейі осы елдерде тіркелген. Ал Қатар – ең қауіпсіз ел.

ТМД елдері арасында Беларусь пен Қырғызстанда бізден жоғары, ал Молдова, Украина, Ресей, Өзбекстан және Әзірбайжанда төмен екені байқалады.

Қазақстанда, ресми статистикаға сәйкес, бірінші жартыжылдықта құқық бұзушылық деңгейі 10 мың адамға шаққанда 91,5 болды. Бір жыл бұрын 91,8 болған.

Өңірлік бөліністе қылмыстың ең жоғары деңгейі Алматыда (10 мың адамға шаққанда 191,5, бір жыл бұрын 140,5 болған). Антилидерлер үштігінде елорда мен Батыс Қазақстан облысы да бар. Ең үздік көрсеткіш – Түркістан облысында тіркелді (өңірдің 10 мың тұрғынына шаққанда 32,2 құқық бұзушылық).

Жыл басынан бері елімізде 87,1 мың құқық бұзушылық тіркелді. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 1,1%-ға артық.

Ең көп құқық бұзушылық Алматыда тіркелді (19,4 мың). Анти-лидерлердің үштігіне Астана (9 мың құқық бұзушылық) және Алматы облысы (8,4 мың құқық бұзушылық) кірді.

Ең аз қылмыстық құқық бұзушылық Қызылорда облысында тіркелді (1,9 мың – бір жыл бұрынғыға қарағанда 5,2%-ға аз).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу