Жәбірленуші тарап Бишімбаевтан Нүкенованың қорқытқаны туралы көрген видеоға сүйене отырып жауап алуда.
Адвокат Әлия Омарова сотқа қатысушылардың назарын Бишімбаевтың дәретханадан түсірген видеоларында щетканың жанында басқа заттың жоқтығына аударды. Алайда оқиға болған жердің фотокестесінде қолданылған жабысқақ орағыш табылды.
"Бұл орағыштардан Нүкенованың және екі белгісіз адамның биоматериалдары табылды. Мұны қалай түсіндіре аласыз?", – деп сұрады Омарова.
"Мен лентаның қалай түскенін білмеймін. Бейнежазба таңғы сағат 6:43-те түсіріліп, оқиға болған жер кешкі уақытта қаралды. Ал кешкі уақытта ол жерде жедел жәрдем дәрігерлері, полиция қызметкерлері", - деп жауап берді Бишімбаев.