Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында заңсыз сексеуіл ағашын жинаған күдікті ұсталды.
"Бірлік- Мойынқұм- Ұланбел" тас жолындағы көлікке құмда өсетін өсімдік тиеліпті. Алайда оны шабуға ешқандай рұқсаты жоқ. Оның үстіне тиелген ағаштар көктей жиналған көрінеді. Қазір бұл дерек бойынша тергеу жүріп жатыр.
"Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу, тексеруді бастау туралы шешім қабылдау үшін оқиға Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 339 бабының қылмыстық құқық бұзушылық бойынша арнайы тізіміне тіркеліп, алдын ала тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деді облыс прокурорының аға көмекшісі Абырой Азаматов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу