Қылмыс жасауға бейім 5 мың жасөспірім ішкі істер органдарында есепте тұр

1010

4 мыңнан аса бала арнайы бейімдеу орталықтарына орналастырылған. 

Қылмыс жасауға бейім 5 мың жасөспірім ішкі істер органдарында есепте тұр  Фото: Максим Морозов

Мұндай жағымсыз статистикамен Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк балалардың құқығын қорғау шаралары туралы онлайн брифинг барысында бөлісті, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі.

"Былтыр 800 кафе мен мейрамхана иесі түнгі уақытта кәмелеттік жасқа толмаған балаларды нысандарына кіргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 4 мыңнан аса бала оларды ата-анасына табыстау мүмкіндігі болмағандықтан, арнайы бейімдеу орталықтарына орналастырылды. Бүгінде ішкі істер органдарында қылмыс жасауға бейім 5 мыңнан аса бала есепте тұр", – деді Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу