Қылмысқа қарсы күрес: Қазақстан мен Қатар Үкіметаралық келісімге қол қойды

133

Сапар аясында Катардың Ішкі істер министрі шейх Халиф бен Хамад Әл Танимен кездесу өтті.

Қылмысқа қарсы күрес: Қазақстан мен Қатар Үкіметаралық келісімге қол қойды Фото: Polisia.kz

Министр Ержан Саденов бастаған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің делегациясы Доха қаласына (Катар) іссапармен барды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесуде тараптар қылмысқа қарсы күрестегі өзара іс-қимыл перспективаларын, соның ішінде қылмыстың ұйымдасқан түрлеріне, есірткінің заңсыз айналымына, экстремизмге, киберқылмысқа қарсы күрес мәселелерін, сондай-ақ адамдарды іздестіру және тәжірибе алмасу саласындағы ынтымақтастықты талқылады.

“MILIPOL QATAR-2024” 15-ші халықаралық қауіпсіздік көрмесінің аясында "Қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге" қол қою сапардың басты нәтижесі болды.

Бұл келісім құқық қорғау саласындағы Қазақстан-Катар қатынастарының жаңа кезеңін ашып, қауіпсіздік бағытындағы өзара іс-қимыл мен күш-жігерді үйлестірудің құқықтық негізін қалыптастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу