Қылмысқа күдіктінің көбі құжатсыз

862

Тергеу изоляторында 10-нан астам адам төлқұжат алды.

Қылмысқа күдіктінің көбі құжатсыз

Атыраудағы тергеу изоляторына келетін күдіктілердің көпшілігінің төлқұжаты болмайды. Мәселен өткен жылы 30-ға жуық күдіктінің төлқұжаты жасалса, биыл 10-нан астам күдікті мекемеге төлқұжатсыз жеткізілген, деп хабарлайды inbusiness.kz Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне сілтеме жасап.

"Күдікті мекемеге келгеннен кейін құжаттары тексеріледі. Көбіне төлқұжатсыз келеді. Осындай кезде құзырлы органдарға сұранас хат жолданып, жеке құжаты іздестіріледі. Тіпті туыстарынан да сұрап, үйінен іздеуді сұрайтын кездеріміз болады. Табылмаған жағдайда Атырау қаласының көші-қон бөлімімен бірлесіп, суретке түсіріп, төлқұжатына өтініш береміз",- дейді УГ-157/1 мекемесінің арнайы есепке алу бөлімі бастығының м.а Гүлнәз Досмағамбетова.

Күдіктілердің құқыққорғау органдары қызметкерлеріне ұсталмас бұрын құжаттарын лақтырып тастайтын кездері де болған екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу