Ұлыбританияның Манчестер-Арена стадионында өзін-өзі жарып жіберген лаңкес-жанкешті Салман Абеди қанқұйлы әрекетіне бір жыл дайындық жасаған. Бұл туралы The Times-қа сілтеп, kazislam.kz хабарлайды.
Ақпарат көзінің мәліметінше, лаңкес шамамен бір жыл банктердің бірінде шот ашқан. Жарылғышқа қажетті заттарына кеткен ақша осы банктің шотынан аударылып отырған. Күдік туғызбас үшін ол екі рет Манчестердің сыртындағы елдімекенге барып, B&Q мен Screwfix дүкендерінен материалдар сатып алған. Жарылыс болардан бір апта бұрын Салман Абеди Манчестерге қайта келіп, қала орталығынан пәтер жалдап, жарылыс ұйымдастырған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу