Нигерияда елдің үрейін алған оқиға орын алды. Иджебу-Оде қаласында 35 жастағы имам шейх Юсуф Амзат-Салям мен оның әйелі және төрт баласы қылмыскерлер қолынан көз жұмған, деп хабарлайды muslim.kz.
Имамның 11 жасар қызы, 8 жасар егіз ұлы және 2 жасар сәбиі қылмыс құрбаны болды. Қазір жантүршігерлік оқиғаға байланысты тергеу ісі жүргізілуде. Әзірге қылмыскер туралы еш дерек жоқ.
Нигерия ақпарат құралдарының мәліметінше, имамның отбасында орын алған жағдай елдің әбігерін алып, қабырғасын қайыстырған. Жергілікті мешіт жамағатының имамға деген құрметі жоғары болған екен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу