Қылмыскерлерге жол ашқан полицейлер

458

Президент сырттан заңсыз әкелінген автокөліктерге полицейлердің де қатысы барын айтты.

Қылмыскерлерге жол ашқан полицейлер Фото: Ашық дереккөзден

 

Тәртіп сақшыларымен бірлесе жұмыс істеген қылмыстық топ шетелдік көліктерді әкелумен және оны есепке қоюмен айналысқан. Президент бүкіл құқық қорғау жүйесінің атына кір келтіретін мұндай заңсыздықтарға жол берілмеуі керек деп аталған мәселені жіті тексеруді тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Мұндай көліктерді тізгіндеген жүргізушілер жол жүру ережесін өрескел бұзды және көбіне жазасыз қалды. Қазір менің тапсырмам бойынша бұл көліктердің мәселесін құқықтық тұрғыда реттеу үшін заңдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. + Уәкілетті мемлекеттік органдардың үстірт шешімі осындай көліктердің елге жаппай әкелінуіне себепші болды. Енді жіберілген олқылықтарды түзеуге мәжбүр болып отырмыз. Оның ішінде Ішкі істер министрлігінің де қателіктері бар", - деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу